«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Адами капитал – экономикалық даму факторы

2023 жылғы 01 Қыркүйек
- Алматы қаласы
7686 просмотров

Алматы құрылыс-техникалық колледжінің алаңында  «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудағы заманауи тәсілдер» ТжКББ ұйымдары басшыларының форумы өтті.

Форум білім басқармасы, оқытушылар, колледж басшылары, адами капиталды дамыту саласындағы мамандардың қатысуымен өтті.

Форум барысында Алмата қаласының кәсіпкерлер палатасы басқарушы директорының орынбасары  Жанар Төребекова өзінің жақында Алматы қаласына жасаған сапарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі заманғы экономиканы тиімді адами капитал экономикасы деп атайтынын, оның экономика мен қоғамды дамытудағы басты рөлін өнімді фактор ретінде санайтынын атап өтті.

«Адами капитал елдің экономикалық өсуінің маңызды факторына, тұрақты экономикалық дамудың негізіне айналып келеді. Адами капитал халықтың өмір сүру сапасын өсіруге, сондай-ақ жалпы ұлттық экономиканың тиімділігін арттыруға ықпал етеді», – деді Жанар Төребекова.

Бұл бағытта Ұлттық палата бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба халық үшін нақты мүмкіндіктер ұсынады. Жоба аясында жұмыссыз азаматтар қысқа мерзімді кәсіптік курстардан өтіп, кейіннен жұмысқа орналаса отырып, жұмыс орнында оқуға мүмкіндік алады.

2017 жылдан бастап Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандықтары бойынша кәсіптік даярлау, біліктілікті арттыру және біліктілік беру бойынша оқу орталықтарының тізілімін жүргізеді.

«Бүгінгі таңда тізілімде 46 оқу орталығы бар (кәсіпорындар 39, қауымдастықтар 1, дербес 3, колледждер 2, ЖОО 1). Осы жылы 328 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтылды, онда 19 оқу орталығы жұмылдырылды», – деді спикер.

Форум оқу жылы басталу қарсаңында ұйымдастырылды. Білім беру өкілдері техникалық және кәсіптік білім берудің мәселелері мен перспективаларын талқылады. Сарапшылардың айтуынша, қазір кадрлар мәселесі өзекті.

Кадрларға қажеттілік мәселесі ТжКБ-дағы мемлекеттік тапсырыс есебінен шешіледі. «Атамекен» ҰКП қажеттілікті айқындау мақсатында жыл сайын кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізеді. 9 қаңтардан 24 ақпанға дейін бекітілген үлгіге (KPI) сәйкес жұмыс берушілермен сауалнама жүргізу бойынша жұмыс жүргізілді. Алматы қаласы бойынша KPI 4929 сауалнама құрады.

Алматы қаласы бойынша сауалнамаға 5 285 компания қатысты, олардың саны 288 537 адам. 2023 жылға қажеттілік 7262 адамды, 2024 жылға 7506 адамды, 2025 жылы 7870 адамды құрайды.

2023-2025 жылдарға экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде қажеттіліктің жоғары деңгейі әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметке (4 мың адам), құрылысқа (3,7 мың адам), көтерме және бөлшек саудаға (2,8 мың адам), өңдеуші өнеркәсіпке (2,5 мың адам) тіркелді.

Сондай-ақ, спикер Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан білім беру саласындағы салалық кеңес құрылғанын атап өтті. Кеңестің мақсаты бизнес-қоғамдастықтың саланы дамытудағы міндеттер мен проблемаларды шешу үшін мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылы болып табылады.

«Кеңестің міндеттері түйткілді мәселелерді анықтау және шешу, бизнес құқығын қорғау, НҚА сараптамасы, саланы дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу, кәсіпкерлердің құзыретін арттыру, өңіраралық салалық өзара іс-қимыл», – деп толықтырды Жанар Төребекова.

Форум барысында ӨКП сарапшысы бизнес-қоғамдастық өкілдерін білім беру саласындағы проблемалар мен міндеттерді шешу үшін салалық кеңестің қатысушысы болуға шақырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер