«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Инженерлік ойлау балабақшадан басталады

2023 жылғы 15 Қыркүйек
- Алматы қаласы
6759 просмотров

Алматыда «Техникалық және шығармашылық ойлау контекстіндегі мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің маңызы» атты ғылыми-практикалық семинар өтті.

Балаларға техникалық және инженерлік ойлауды ерте жастан үйрету қажет дейді сала сарапшылары. Қазір көптеген балабақшада робототехника сабағы бар.

Ерте робототехника бойынша осындай бірегей әдістемені «Four Angles» өнертапқыштар компаниясы дамытып жатыр. Бұл әлеуметтік кәсіпкерлік.

Бұл әдіс мектеп жасына дейінгі балалар үшін өзекті және ерте жастан бастап моториканың дамуына ықпал етеді дейді Алматы қаласы білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің бастығы Әлия Сағиева.

«Моториканы  дамыту, бәріміз жақсы білеміз, кішкентай баланың толық физикалық жетілуін дамытудың негізгі аспектілерінің бірі. Бұл әдістеме ерекшеліктерінің бірі ойын арқылы жүзеге асырылатын ойын тәсілін қолдану. Балалар ойын процесінде, бір-бірімен және ересектермен қарым-қатынаста дамиды. Бұл әдістеменің басымдығы. Балаларды ерте дамыту институты жыл сайын «Мен зерттеушімін» конкурсын өткізеді және біз «Four Angles» жетістігі конкурстың республикалық кезеңіне қатысады деп болжаймыз», – деп атап өтті Әлия Сағиева.

Инженерлік ойлаудың маңызын Қазақстан машина жасаушылар одағының мүшесі Алексей Беклемишев айтты.

«Біз машина жасаушылар осындай әдістемені ерте жастан бастап енгізу өте қажет деп санаймыз. Өйткені егер баланың инженерлік ақыл-ойы болса, онда ол жақсы инженер болады. Президент біз болашаққа үлес қосып, қайта өңдеуге басымдық беруіміз керегін бірнеше рет айтты. Яғни, машина жасау - қайта өңдеудің үлкен бөлігі саналатын индустрия салаларының бірі», – деп атап өтті спикер.

Алексей Беклемишев қазір отандық ауыр машина жасауда жақсы мамандар тапшы екенін айтты.

«Елімізде машина жасау бар, ол тарихи тұрғыдан одан да қуатты болған, қазір біз аздап тоқыраудамыз. Бірақ шынымды айтсам, бірегей өнім шығаратын күшті зауыттар бар. Біз шетелдік әріптестерімізден гөрі кейбір салалардан жаман емеспіз. Біз өте ерекше және маңызды жабдықты шығара аламыз, бірақ кадр мәселесі шешілмей тұр. Сондықтан бізге жақсы кадрлар беріңіз», – деді спикер мектепке дейінгі білім беру өкілдеріне.

Федерация өз қызметін 2015 жылдан бастап жүргізіп келеді. Бізде білім беру робототехникасы саласында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

«Біз кез келген деңгейдегі қызметкерлердің дағдылары, соның ішінде инженерлік-техникалық ойлау қабілеті жетіспейтіндігіне тап болдық. Егер көптеген адам функционалды ойлауды, техникалық ойлауды дамытқан болса, онда үй құрылысында мұндай өрескел қателіктер болмас еді, тротуар ортасына ағаш өспес еді,  жолдың арасында бағана болмас еді, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған лифт түймелер қолжетімді болар еді», – деп санайды робототехника қауымдастығының өкілі Айжан Жекеева.

Сарапшының айтуынша мұндай қарапайым нәрселер ми қыртысының тереңінде дамиды. Және балабақшадан басталады.

«Сондықтан мұнда отырған мамандар – Қазақстандағы адами капиталды дамыту құрылымындағы ең маңызды адамдар. Өйткені мен көбіне үлкендермен жұмыс істеймін және ересектердің ойын өзгертуге болмайтынын түсінемін. Егер біз ересектерге арналған тренингтер өткізетін болсақ, онда бұл шкафты желдету сияқты: сіз одан заттарды алып, шаңын қағып, қайтадан сөреге жинайсыз. Ол жерге тағы бір нәрсені тығу өте қиын. Ал мектепке дейінгі білім беру өкілдері балаларда осы техникалық ойлау сөрелерін қалыптастырады», – деді Айжан Жекеева.

Қазір қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтерумен робототехника қауымдастығы айналысады. Еліміздің барлық өңірінен келген қауымдастық өкілдері дарынды балаларды іріктеп алып, роботтарды жинап, халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болады. Балалар арасында отандық инженерия осылай дамиды. Сондай-ақ, «Робо балапан» республикалық робототехника конкурсының құрылтайшысы қауымдастығы.

Петропавл қаласының «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Мадина Дарбаева робототехниканың дамуына кедергі келтіретін бірқатар мәселе.і атады.

«Менің ойымша, екі маңызды кедергі бар. Біріншіден, біздің 514 бұйрығымызда техникалық бағыттағы фестиваль жоқ. Бұл мәселе оңай шешіледі. Ол үшін сіздің ұйымдарыңыздың қолдаухаты және мамандардың, ерте даму институты, мектепке дейінгі білім департаменті, «Атамекен» ӨКП басшылығының көмегі қажет. Екінші мәселе – біз қолданатын жұмыс жиынтықтарының қымбаттығы. Бірақ ол да түзетілетін нәрсе. «Four Angels» нұсқаулығының арқасында біздің балалар орта мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жаңа конструкторды сынақтан өткізуге мүмкіндік алды.

«Four Angels» өндіруші компаниясы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының қатысушысы болды. Компанияның әдістемесі бойынша Алматы қаласы мен басқа өңірлердің жүздеген балабақшасы жұмыс істейді.

«Бізде конструкцияны оқу әдістемесі ғана емес, сонымен қатар конструкторларды шығаратын өз зауытымыз бар. Қазір төрт айлық оқуда төрт жасар баланың ойлау қабілеті 5,5 жастағы баланыкіне дейін дамиды. 5 жасар балада 4 айда ойлау қабілеті алты жасқа дейін дамиды», – деді «Four Angels» компаниясының құрылтайшысы Нұрлан Байтыманов.

Сондай-ақ, Нұрлан Байтыманов Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына стартапты дамыту үшін 2 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант алғаны үшін алғысын білдірді.

«Бүгін Палата менеджерлерінің сүйемелдеуімен мен мемлекеттік грант алдым. Қазір біз мектепке дейінгі білім беру саласында әдістемемізді тарата алдық», –деді спикер.

Семинарға Алматы қаласының мемлекеттік балабақшаларынан 124 меңгеруші қатысты. Сондай-ақ, Білім министрлігі, Алматы қаласының ӨКП, әкімдік, Робототехника қауымдастығының өкілдері қатысты.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер