«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қалалық навигация: қозғалысты оңтайландыру

2024 жылғы 01 Наурыз
- Алматы қаласы
9298 просмотров

«Алматы бас жоспар» ҒЗИ-да оңтүстік астананың дизайн-кодының «Навигация» бөлімін талқылау бойынша жобалық семинар өтті. Шараға қала тұрғындары, кәсіпкерлер, ӨКП өкілдері қатысты.

Еске салсақ, «Алматының Дизайн-коды» жобасы аясындағы брендбук белгіленген стандарттар шеңберінде нақты шешімдері бар құжат болып табылатын ұсыныстық бөлік болып табылады. Брендбуктағы шешімдер бизнес-қоғамдастықтың негізгі сұрақтарына жауап береді (мүмкін/мүмкін емес) және негізгі қағидаттарды сақтай отырып, вариативтілікті ұсынады.

Семинарға қаланың Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының, «Алматы бас жоспар» ҒЗИ, «Атамекен» ӨКП өкілдері, шұғыл қызмет өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері қатысты.

«Дизайн-кодтың жеті бағытының әрқайсысына сұратымдарды талқылау және қалыптастыру бойынша ең тиімді сараптамалық жұмыс үшін әзірлеушілер тобы бизнес-қоғамдастықпен және модерациясы бар сарапшылармен жобалық семинарлар өткізеді»,-дейді дизайн-код жобасының бас сәулетшісі Тахмина Сафоева.

Қазіргі уақытта навигациялық құрылғыларсыз қалалардағы қозғалысты елестету қиын. Навигация – бұл пайдаланушының орналасқан жерін, ең жақын көрікті жерлерді және мүмкін болатын қозғалыс бағыттарын белгілейтін картасы бар маңдайшалар, көрсеткіштер, ақпараттық стендтер жүйесі.

Дизайн-код аясында ұсынылатын навигациялық элементтердің түрлері:

Стела – стела орнатылған көшені көрсететін тақтайша.

Жалаулық көрсеткіштер – бағаналарға бекітіліп, бағытты көрсетеді.

Навигациялық тақтайшалар – ескерткіштер, монументтер, ландшафттық және табиғи объектілерді сипаттайды. Олар жаяу жүргіншілер жолының жанында орналасады.

Стенд – көру қабілеті нашар адамдар үшін көлемді, шығыңқы элементтері болуы мүмкін.

Цифрлық стендтер жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге көмектесу үшін ақпарат ұсынады.

Семинар сонымен қатар навигация элементтері кедергісіз орта жасайтынын атап өтті. Навигация элементтеріне арналған материалдарды дизайн-кодты әзірлеушілер Алматының климаттық ерекшеліктерін ескере отырып таңдауды ұсынады. Объектілер су өткізбейтін қасиеттерге ие болуы, мұз бен конденсаттың пайда болуына болдырмауы, күйіп кетпеуі және күн сәулесінде шағылыспауы (жарқырамауы) қажет. Көлемді конструкциялар ылғалдың түсуіне жол бермеу үшін герметикалыққа назар аударуды қажет етеді.

 «Бұл іс-шаралар бизнес тәжірибесін, сұратымдарарды, негізгі мәселелер мен мүмкіндіктерді талдауға бағытталған. Кәсіпкерлермен диалог нәтижелері техникалық тапсырманы қалыптастырады және брендбук шешімдерін қалыптастыру кезінде пайдаланылатын болады», - деп атап өтті жобаны әзірлеушілер.

Жобалық семинарлардың қорытындысы барлық мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып, сұратымдлар негізінде брендбук шешімдерін қалыптастыру кезінде пайдаланылатын техникалық тапсырма болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер