«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«АТАМЕКЕН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА ШАҚЫРАДЫ

2024 жылғы 05 Маусым
- Алматы қаласы
6554 просмотров

Кореядан мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер Алматының және бүкіл Қазақстанның кәсіпкерлерімен ынтымақтастыққа ниетті

 

Кореяның мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер қауымдастығы делегациясының өкілдерімен кездесу Алматының «Атамекен» ӨКП алаңында өтті. Өнеркәсіптік суды тазарту жүйелері, көкөністерді, жемістер мен жидектерді сақтаудың инновациялық технологиялары, фермалар мен жылыжайларға арналған ақылды жүйелер және басқа да көптеген қызықты жобаларды Оңтүстік Корея кәсіпкерлері ынтымақтастық орнату маұсатымен ұсынып отыр. Барлық кәсіпорындар-жұмыс істеп тұр, сонымен қатар халықаралық нарықты бағындыруда. Келген қонақтар Алматы және бүкіл Қазақстан кәсіпкерлерімен ынтымақтастық орнатсақ деген ниет білдіруде. Делегация басшысы, DEBC ерекше қажеттіліктері бар кәсіпкерлерді қолдау орталығының төрағасы Пак Мару Кореяда 7 миллионнан астам адам бизнеспен айналысатынын атап өтті. Оның 164 мыңы мүгедек адамдар. Бұл кәсіпорындардың айналымы жылына 53 миллиард АҚШ долларын құрайды. Олар кең тұтынуға арналған қызметтер мен тауарларды өндіруге бағытталған.

Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының шағын кәсіпкерлікті және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі орынбасарының м.а. Жанар Туребекова қонақтарды қарсы ала отырып, Алматының Орталық Азия өңіріндегі ең ірі іскерлік және қаржы орталығы екенін атап өтті. Алматы-инвестициялық тартымдылығы жоғары қала. Әр түрлі елдердің көптеген кәсіпкерлері мұнда жұмыс ашатын мүмкіндіктерді бағалады және бұл – инвестициялардың өсіп келе жатқан ағыны, ауқымды инвестициялық жобаларды табысты іске асыру. Кәсіпкерлер Палатасы оларға дамуға қолдау көрсетеді.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін-мемлекеттік қолдау шараларын көрсету арқылы 5 миллион теңгеге дейін және іске асыру мерзімі 18 айға дейін мемлекеттік гранттар беріледі», - деп атап өтті Жанар Төребекова.

Кездесудің қорытындысы - өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қою болды. Ал Алматы өңірлік палатасы Корей кәсіпкерлерімен бірлесіп халықаралық бизнес құруға және дамытуға ниет білдірген алматылықтарға қолдау көрсетуге дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер