«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұланов шаруашылығының шексіз кеңістігіне саяхат

2024 жылғы 20 Қыркүйек
- Батыс Қазақстан облысы
1766 просмотров

Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің белсендісі, облысқа белгілі гүл өсіруші, бағбан Елена Константиновна Уланова жолдасы Петр Сергеевичпен бірге жеміс-жидек, жапырақты тұқымдар өсіретін питомникті, қылқан жапырақты ағаштарды күтіп-баптаумен айналысуда. 2019 жылдан бастап олар өздерінің шаруа қожалығының аумағында Ашық есік күнін ұйымдастырып келеді. Дәстүр бойынша қонақтарды 20 қыркүйекте қарсы алады.

Ашық есік күні аясында питомникке экскурсия ұйымдастырылып, оның барысында табысты кәсіпкер әйел қылқан жапырақты, сәндік ағаштар мен экзотикалық өсімдіктерді өсірудегі тәжірибесімен бөліседі.
Бүгін Орал қаласы мен облыстың үш ауданындағы (Бәйтерек, Тасқала және Теректі) 18 мектеп директорларына экскурсия өткізілді, оның барысында Уланова қылқан жапырақты ағаштар мен сәндік өсімдіктерді өсірудің ерекшеліктеріне тоқталды.


Шараның құрметті қонақтары қатарында облыс әкімдігінің өкілі Алдияр Халелов те болды.


Облыс орталығын абаттандыру мен көгалдандырудағы «Ұланов» шаруа қожалығының рөлі мен маңызын ерекше атап өткен ерлі-зайыптылар білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып, жас ұрпақты отансүйгіштік пен қамқорлық рухында тәрбиелеуге де үлес қосып келе жатқанын тілге тиек етті. 

Сонымен қатар, Елена Констановна шеберлік сабақтарын өткізіп, тыңдаушылармен пікір алмасты. Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық акциясына арналған облыстық байқауда «Ұланов» шаруа қожалығы жеңіске жеткен. Байқауға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамашы болып, кәсіпкер «Жасыл қала» номинациясы бойынша үздік атанды.

Іскер әйел Батыс Қазақстан облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляна Тұрсыноваға әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесетін бастамаларды қолдағаны үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігінің көшбасшысын болашақ кәсіпкерлердің әлеуетін ашуға жақсы мотиватор деп атады және Ляна Алексеевна олардың үрейлері мен сенімсіздіктерін жеңуге көмектесетінін алға тартты.

Елена Уланова Бәйтерек ауданы бойынша БҚО филиалының жаңа директоры Мәрзия Нұрмұхамбетованың жұмысын да атап өтті. 

«Бәйтерек аудандық «Атамекен» филиалының жаңа басшысы жігерлі, бұл қызметте өзін жан-жақты сауатты, бизнес мәселелерін тез әрі тиімді шешуге қабілетті екенін көрсетті», - деді Елена Константиновна. 


«Ұланов» шаруа қожалығына жасалған саяхат ашық аспан астындағы түскі аспен аяқталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер