«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП жанынан салалық кеңестер құрылады

2024 жылғы 19 Тамыз
- Алматы қаласы
1239 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Құрметті Алматы қаласының кәсіпкерлері!

Бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік билік органдарымен өзара тиімді әрекеттесу мақсатында, сондай-ақ бизнес субъектілерінің міндеттері мен проблемаларын шешу және оларды дамыту үшін Кәсіпкерлер Палатасы төмендегі Кеңестердің құрылуын хабарлайды:

  • Құрылыс Кеңесі;
  • Таза өндіріс жөніндегі Кеңесі;
  • Инфрақұрылымдық даму Кеңесі;
  • Қаржы институттары Кеңесі;
  • Логистика және сауда Кеңесі;
  • Шығармашылық индустрия және IT Кеңесі;
  • Білім беру және денсаулық сақтау Кеңесі;
  • Салааралық іскер әйелдер Кеңесі;
  • Микро және шағын бизнесті дамыту Кеңесі.

Сондай-ақ Кеңес құрамын қайта қарау туралы:

  • Туризм кеңесі

Кеңестердің негізгі міндеттері:

1.       Проблемалық мәселелерді анықтау және шешу;

2.       Бизнес құқықтарын қорғау және қабылданатын НҚА сараптамасы;

3.       Саланы дамыту бойынша ұсыныстар дайындау;

4.       Бизнестің құзыреттілігін арттыру.

Кәсіпкерлердің салалық Кеңесінің мүшелігіне кандидатты тіркеу мынадай құжаттар бойынша жүзеге асырылады:

1) салалық кәсіпкерлер Кеңесінің мүшелігіне кандидаттың еркін нысандағы өтініші (сала санатын көрсете отырып);

2) кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің/мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;

З) кандидаттың түйіндемесі немесе өмірбаяндық деректер (фотосуретпен);

4) кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;

5) кәсіпкерлік субъектісінің қатысушылары туралы белгіленген нысандағы анықтама (тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама не бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісінен анықтама (тек Акционерлік қоғамдар үшін);

6) беру мерзімі күнтізбелік 10 күннен аспайтын соттылығының жоқ/бар екендігі туралы анықтама.

Кеңестерге кіруге өтініштерді электрондық поштаға: otp.atameken@gmail.com немесе нөмір бойынша +7 708 591 97 85 Аружан жібере аласыз.        


Еншілес ұйымдар

Серіктестер