«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тағы бір бірлескен бизнесті Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері жолға қойды

2024 жылғы 24 Қазан
- Алматы қаласы
3560 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

«Мың бояулы қалаға» Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Тачэн провинциясының кәсіпкерлері келді. Олар бірлескен кәсіпорындарға инвестиция ұсынады. Алматы қаласының кәсіпкерлерімен келіссөздер «Атамекен» ӨКП алаңында өтті.

Аспан асты бизнесмендерін сауда, өнеркәсіп, құрылыс-монтаж саласы және туризм қызықтырады. Қазақстандық кәсіпкерлер бірнеше кейс ұсынды. Олардың барлығы бизнесте жолашар емес. Кәсіп тасын өрге бірнеше жыл бойы домалатып келеді. Ал, енді, халықаралық деңгейге шығаруға ниетті. Атап айтқанда, жобалар қатарында мұнай шламын өңдеу және басқа да бірқатар жобаларды бірлесіп іске асыру ұсынылды.

Айта кету керек, екі елдің «Бір белдеу – бір жол» ынтымақтастығы аясында екі елдің кәсіпкерлері жүйелі негізде жұмыс істейді және қазірдің өзінде көптеген бірлескен жобалар құрылды.

Келіссөздер В2В форматында өтті. Кездесуге қатысушылар байланыс алмасты. Өз кезегінде Тачэн кәсіпкерлері қазақстандықтардың ұсынған жобаларын бұл жолы келе алмаған СУАРдың басқа компанияларымен ынтымақтастыққа ұсынбақшы. Ал «Тұран Қазақстан Тревел» және «Xinjiang China Travel service Co., Ltd» басшылары өзара ынтымақтастық туралы келісім жасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер