«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Білім беру ұйымдарында тамақтану қауіпсіздігі

2024 жылғы 29 Қараша
- Астана қаласы
3212 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында білім беру және жұмыспен қамтуды дамыту салалық кеңесінің тамақтану қауіпсіздігі мәселесіне арналған отырысы өтті.

Күн тәртібінде екі негізгі мәселе талқыланды:

1. Білім беру ұйымдарында тамақтану қауіпсіздігі

2. Мектеп асханаларын мониторингтеу нәтижелері.

Отырыста Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері қатысып, ағымдағы жағдайға сараптамалық баға беріп, жақсарту бойынша ұсыныстарын білдірді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы қызметкерлері форумында мектеп асханаларындағы тамақтану сапасына қатысты пікір білдірді.

Мемлекет басшысы мектептік тамақтанудың заманауи талаптарға сай болуын, қауіпсіз, теңгерімді және қоректік заттарға бай болуын қамтамасыз ету үшін шұғыл өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті.

Білім беру мекемелерінен бастап бақылаушы органдарға дейінгі барлық мүдделі тараптардың бірлескен жұмысы тамақтанудың тиісті стандарттарын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Жүргізілген мониторинг нәтижелері балаларға арналған тамақтану жағдайларын жақсарту үшін қосымша күш-жігердің қажеттілігін көрсетті.

.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер