«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда

2025 жылғы 27 Қаңтар
- Ақмола облысы
847 просмотров

Мемлекет басшысы 2025 жылды техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жұмысшы мамандықтар мен реформалар жылы деп жариялады. Мақсаты - қоғамдағы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және сұраныста ету, техникалық және кәсіптік білім беруді жастар мен жұмыс берушілер үшін тартымды жүйеге айналдыру.

Қазіргі кезде облыста жұмысшы мамандықтар жылын өткізу бойынша өңірлік жоспар қабылданды. Оның шеңберінде 55 іс-шара өткізу жоспарланған. Осы жоспардың жартысына (24) Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы қатысады.
Айта кетейік, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Ақмола облысының білім басқармасы және колледждермен кадрларды даярлау мәселелері бойынша тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Кәсіптік білім беру сапасын шешу, жастар жұмыссыздығын төмендету, кәсіптік білім беру мен еңбек нарығының қажеттілігі арасындағы алшақтықты қысқартудың бір жолы ретінде дуальді білім беруді дамыту мәселесі белгіленді. Білім басқармасы және колледждермен бірлесіп дуальді оқу жүзеге асырылып жатыр.
Бұдан басқа, Қазақстан кәсіпорындарының өнімділік деңгейін арттыру, өндірістегі білікті тәлімгерлердің тапшылығы проблемасын шешу мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тәлімгерлік мектебі жобасын іске асырып жатыр. 2023 жылы Степногорск қаласының «Степногор подшипник зауыты» АҚ базасында машина жасау, металлургия салаларының кәсіпорындарынан 19 тәлімгер оқытылды, тәлімгер-мамандар сертификаттар алып, ҰКП тәлімгерлерінің тізіліміне енгізілді.

«Палата дуальді оқу туралы шарттар тізілімінің иесі. Бүгінгі таңда облыста 700-ден астам кәсіпорын және 7 салада 26 колледж 48 мамандық, 60 біліктілік бойынша 6184 студентті қамти отырып, дуальді оқумен қамтылған. Жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы білім беру бағдарламалары бизнестің өзекті қажеттіліктеріне бейімделеді. Студенттер теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар белгілі бір кәсіпорында жұмыс істеу үшін қажетті практикалық дағдыларды алады. Ал кәсіпорындар, өз кезегінде, оқу процесінде өздері үшін жұмысшы кадрларды таңдай алады. Палата бизнес-қоғамдастықты еңбек нарығында осы мамандықтардың сұранысын көрсете отырып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға белсенді қатысуға шақырады», - деп атап өтті ӨКП директоры Ерқанат Мұсылманбек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер