«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан мен Қытай арасында медицинада және жоғары технологияларда ынтымақтастық жоспарлануда

2025 жылғы 01 Сәуір
- Алматы қаласы
903 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматы қаласы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, «Қазақинвест» ұлттық компаниясының және Weigao корпорациясының өкілдері денсаулық сақтау, медициналық бұйымдар өндіру, медициналық жабдықтар мен туризм саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

ҚХР инвесторлары Қазақстан нарығында қатысуд үлесін кеңейтуге ниетті. Сәйкесінше, Алматыда медициналық бұйымдар мен жабдықтар шығаратын кәсіпорындар құру шарттарына қызығушылық білдіруде. Сонымен қатар, медициналық мекемелерді жаңартуға, соның ішінде ауруханаларды заманауи жабдықтауға қызығушылық танытты.

Анықтама ақпарат: Weigao корпорациясы 1988 жылы құрылды. Оның негізгі мамандануы медициналық жабдықтардың, медициналық бұйымдардың, хирургиялық роботтардың, медициналық техниканың 1000-нан астам түрлерін өндіру болып табылады.

Сондай-ақ, кездесуде Кореяда, Жапонияда, және Қытайдың бірнеше өңірінде орналасқан  Weigao корпорациясының клиникаларына қазақстандықтар үшңн медициналық туризм жолын ұйымдастыру сөз болды. Алғашқы келіссөздер жалғасын таппақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер