«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес және билік диалогы: назарда - IT және шығармашылық салалары

2025 жылғы 18 Сәуір
- Алматы қаласы
502 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

18 сәуірде Алматыда кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мен қаланы цифрландыру басқармасы өкілдерінің қатысуымен креативті индустриялар және IT салалық кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - сала өкілдері мен қалалық органдар арасындағы сындарлы диалогты дамыту, сондай-ақ креативті индустриялар мен IT-секторды қолдау мен дамытудың бірыңғай стратегиясын қалыптастыру.

Кеңеске қатысушылар:

  • креативті индустриялар мен цифрлық технологиялар саласындағы қаланың стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын талқылады;
  • сала өкілдерінің алдында тұрған өзекті мәселелер мен сын-тегеуріндерді атап өтті;
  • осы секторларды тұрақты дамытуға бағытталған әкімдікпен ынтымақтастық бағыттары бойынша алдын ала ұсыныстар қалыптастырды.

«Алматы Креатив» креативті индустрияларды дамыту орталығы бас директорының орынбасары Еран Давов және Алматы қаласы цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Арын Амантай баяндама жасады. Олар қалалық ортада қолдануды кеңейтуде креативті индустрияның негізгі бағыттары мен даму нүктелерін қолдаудың ағымдағы жағдайы, бастамалары мен жоспарлары туралы ақпарат берді.

Кездесу осы салаларды дамытуға жүйелі көзқарастың маңыздылығын және күшті қалалық экожүйені қалыптастыру үшін барлық мүдделі тараптардың бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін көрсетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер