«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының біржылдық жұмыс нәтижелері алғашқы съезде айтылады

2014 жылғы 23 Маусым
- Алматы қаласы
9904 просмотров

25 маусым күні өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының Бірінші Съезіне қызу дайындық жүріп жатыр.

Қазақстан кәсіпкерлерінің алғашқы басқосуына Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасының өкілдері де қатысады. Бұл туралы Алматы қалалық кәсіпкерлер Палатасының директоры Ерлан Стамбеков мәлімдеді:

“ҚР ҰКП Бірінші Съезі – еліміздің бизнес-қауымдастығындағы тарихи оқиға. Еске салсақ, «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңы 2013 жылдың 4 шілдесінде қабылданды. Толық жылды өткерместен, еліміздің кәсіпкерлер Палатасы біраз жұмыс атқарды. Атқарылған қызметтің бәрін тізіп шығу мүмкін емес, дегенмен, басты  нәтижесі көрінген істерді атауға болады. Кәсіпкерлерді алаңдататын мәселелер тізбегі жиналып, олардың шешу жолдарының картасы жасалды. Бұл құжат бизнестегі 400-ге жуық өзекті мәселелерді қамтиды. Үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап ҰКП Заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізді, нәтижесінде кәсіпкерлердің кей мәселелері түбегейлі шешім тапты.

Бірінші Съездің күн тәртібіне келер болсақ, Палатаның атқарған жұмыстары туралы айтылады. Болашаққа стратегиялық жоспар құрдық! Бұл Съезге Алматы қаласының кәсіпкерлер Палатасы атынан 11 өкіл барады. Олар – өзіндік азаматтық көзқарастары бар жергілікті кәсіпкерлер, Ассоциация басшылары, Өңірлік кеңестің мүшелері.

ҰКП-ның әр өңірдегі бөлімдері Съезд алдында өңірдегі бизнес-қауымдастық өкілдерінің басын қосып, мәжілістер өткізді. Бизнес өкілдері еліміздегі немесе белгілі бір өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына кедергі болып жүрген түрлі мәселелердің шешімдерін табуға тырысты. Осы мәселелерді саралау негізінде оларды шешуге ұсыныстар шықты. Ол бизнестің барлық саласын қамтиды. Біз салық Заң жобасын реформалауға, бақылау және рұқсат беру рәсімі кезінде туындайтын әкімшілік кедергілерге тосқауыл қоюға өз ұсыныстарымызды жолдаймыз.  Салық амнистиясының жариялануын заңды деп санаймыз. Салық кешірімін өткізу, капиталды заңдастыру тәрізді, шағын және орта бизнес субъектілеріне, сонымен қатар халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтушы бөлігіне өздерінің бизнес-идеяларын дамытуға қосымша күш береді. Ол, өз кезегінде, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артуына әкеледі. Кәсіпкерлердің банк шоттарын тұтқындауға қатысты да өз ұсынымызды келтірдік. Салық органдарының автоматты түрде кәсіпкерлердің банк шоттарын бұғалауды тоқтату керектігін алға тарттық. Алматы қаласының кәсіпкерлер Палатасы сауда базарларының мәселелерін шешудің жолдарын тапты, жаңа жоба ұсынды. Интеграция үрдістеріне қатысты ұсыныстар кешенін де жасады. Алматы қаласының кәсіпкерлер Палатасы мен Алматының бизнес-қауымдастығы экономикалық интеграцияға, Ресей мен Белорусь елдерінің нарығына шығуға үлкен қызығушылық танытып отыр. Сондықтан бұл интеграциялық бірлесудің тұрақты әрі бәсекеге қабілетті болуы шарт. 2014 жылдың басынан бастап бизнес ассоциациялар мен өңірлік кәсіпкерлердің басы біріккен 30-ға жуық жұмыс отырыстары өтті. Бұл отырыстарда Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы Келісім-шарттың кей бөлімдерінің айқын бағдарлары қозғалды. Әрине, Алматы қаласының кәсіпкерлер Палатасы атынан баратын делегаттары тек бұл жетістіктермен бөлісуді ғана көздемейді…”, – деді Ерлан Стамбеков.

ҚР Ұлттық кәсіпкерер Палатасының тұңғыш съезі 25 маусымда өтеді деп жоспарлануда.

qazaquni.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер