«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының бірінші съезі өтеді

2014 жылғы 24 Маусым
- Алматы қаласы
8915 просмотров

25 маусым күні өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының Бірінші Съезіне қызу дайындық жүріп жатыр. Қазақстан кәсіпкерлерінің алғашқы басқосуына Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасының өкілдері де қатысады, деп хабарлайды BusinessNews.kz.

Алматы қалалық кәсіпкерлер Палатасының директоры Ерлан Стамбековтың мәлімдеуінше, ҚР ҰКП Бірінші Съезі – еліміздің бизнес-қауымдастығындағы тарихи оқиға. Еске салсақ, «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңы 2013 жылдың 4 шілдесінде қабылданды.

«Толық жылды өткерместен, еліміздің кәсіпкерлер Палатасы біраз жұмыс атқарды. Атқарылған қызметтің бәрін тізіп шығу мүмкін емес, дегенмен, басты нәтижесі көрінген істерді атауға болады. Кәсіпкерлерді алаңдататын мәселелер тізбегі жиналып, олардың шешу жолдарының картасы жасалды. Бұл құжат бизнестегі 400-ге жуық өзекті мәселелерді қамтиды. Үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап ҰКП Заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізді, нәтижесінде кәсіпкерлердің кей мәселелері түбегейлі шешім тапты», – дейді Е. Стамбеков.

ҰКП-ның әр өңірдегі бөлімдері Съезд алдында өңірдегі бизнес-қауымдастық өкілдерінің басын қосып, мәжілістер өткізді. Бизнес өкілдері еліміздегі немесе белгілі бір өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына кедергі болып жүрген түрлі мәселелердің шешімдерін табуға тырысты. Осы мәселелерді саралау негізінде оларды шешуге ұсыныстар шықты.

«Ол бизнестің барлық саласын қамтиды. Біз салық Заң жобасын реформалауға, бақылау және рұқсат беру рәсімі кезінде туындайтын әкімшілік кедергілерге тосқауыл қоюға өз ұсыныстарымызды жолдаймыз. Салық амнистиясының жариялануын заңды деп санаймыз. Салық кешірімін өткізу, капиталды заңдастыру тәрізді, шағын және орта бизнес субъектілеріне, сонымен қатар халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтушы бөлігіне өздерінің бизнес-идеяларын дамытуға қосымша күш береді. Ол, өз кезегінде, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артуына әкеледі. Кәсіпкерлердің банк шоттарын тұтқындауға қатысты да өз ұсынымызды келтірдік», – деді Е. Стамбеков.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер