«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматылық тасымалдаушылар түйіткілдермен бөлісті

2018 жылғы 23 Қаңтар
- Алматы қаласы
5765 просмотров

Тасымалдаушылар өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен даулы мәселелерді талқыға салды

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алматылық бизнестің жағдайын білу мақсатымен жергілікті тауар өндірушілердің барлығын қарап шығу шешімін қабылдады. Мұндай отандық кәсіпорындарға шолу алғаш ұйымдастырылып, Кәсіпкерлер палатасының басшысы Дінмұхамед Әбсәттаров сарапшылармен бірге қаланың барлық автокөліктік парктерін аралауда. Топ бүгінгі таңда 40-қа жуық компанияларды қарап шықты.

«Біз барлық компанияларды аралап, қаланың бизнес түйіткілдерін анықтауды шештік. Кәсіпкерлерден жұмыс жасап жатқан жерін жалға алады не сатып алған ба, несиелері бар ма, мемлекеттік қолдау алады ма, неше қызметкер жұмыс жасайтындығы және жұмысшылар санын көбейтуге не кедергі келтіретіндігі жайында ақпарат аламыз. Жеке өзімді айтатын болсам, автопарктерді аралап жүрмін. Алматы бойынша автокөлік және жолаушылар тасымалы мәселесі өзекті тақырыптардың бірі. 19 автобазаның 10-нында болып қайттық», – деді Дінмұхамед  Әбсәттаров.

Кәсіпорындарды қарау барысында «№1 Таксопарк» басшысы Роберт Кан кәсіпорынның жабылу алдында тұрғанын айтты. Қала бойынша жүретін 3 бағыттың тек бірі, яғни №131 жұмыс жасауда. Сонымен қатар, әкімшілік келісім мерзімін созуға да асықпайтындығы байқалатындығын айтты.

«Өткен жылы келісім мерзімі өтіп кеткен болатын. Ұзартуды сұрағанымызға жауап қатпайды. Жаңа тендер жайында ешқандай ақпарат жоқ. Жұмыстың ары қарай қалай өрбитінін білмейміз. Мемлекетті паркке автобус, өндірістік база, субсидиялар сынды барлық жағдай жасалған уақытта адал бәсекелестік жайында қалай атуға болады? Ал жеке кәсіпорындарға қандай көмек көрсетілді? Елімізді қиын-қыстау уақытта дағдарыстан шығарған жеке кәсіпкерлік емес пе», – деді Роберт Кан.

«№1 Таксопарк» басшысы егер кәсіпорынына муниципалдық автопарк сынды бөліп төлеу арқылы автобустар алуға мүмкіндігі болса, жекеменшік арбакештер бағыттар бойынша жақсы қызмет көрсете алар еді және көліктері де ұзақ мерзімде қолданыста болар еді. Не дегенімен жеке мүдде бар. Ал әзірше, автопарктың жұмысы аз. 138 қызметкердің бір бөлігі таратылды. Қалған көлік жүргізушілердің жалақысы 75 мың теңгеге дейін төмендеді.

Барлық жекеменшік автопарктерде «Оңай» жүйесінің тиімділігі талқыға салынуда. Кәсіпкерлердің айтуынша жүйенің өзі жиі істен шығады. Ондай жағдайда бағыттар бойынша жұмыс жасауға болмайды және бизнес шығындарға ұшырауда.

Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Стамбеков кәсіпорындарды қарауға атсалысып, әкімшіліктің қала бойынша әдемі автобустар жүргені қызықтыратындығын айтты. Мұндай жағдайда механизм дайындап, жекеменшік автопарктерге автобустарын қалайша жаңартуға болатындығын ойластыру қажет. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер