«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Гонконгта The Belt and Road Summit 2019 саммитінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

2019 жылғы 12 Қыркүйек
- Алматы қаласы
6265 просмотров

Қазақстандық делегация мүшелері шетелдік бизнеске инвестициялауға арналған келешекті салалар туралы ақпарат берді

ҚР-дың Гонконг және Макаодағы Бас консулдығы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырушылық қолдауымен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының ұлттық стендің Гонконг қаласында өткен «Belt and Road Summit 2019» саммитінде таныстырды.  

Форум шеңберінде халықаралық бизнес өкілдерімен туризм, ақпараттық технологиялар, қаржы, логистика, инфрақұрылымды дамыту және сауда салалары бойынша бірқатар кездесулер жасалды.

 «Қазақстанның көліктік әлеуетінің стратегиялық орналасуы мен дамуын ескере отырып, еліміз «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде ынтымақтастық үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынып отыр», – деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Атқарушы директоры Салтанат Шонаева.

 Сонымен қатар Гонконг сауданы дамыту жөніндегі кеңесі басшылығымен тығыз ынтымақтастықты нығайту жөнінде келіссөздер жүргізілді.

«Belt and Road Summit – «Бір белдеу – бір жол» жобасы шеңберінде іскерлік ынтымақтастықты ілгерілетуге арналған жетекші халықаралық платформа. Біз қазақстандық бизнес өкілдерін аталған іс-шарада серіктестерді табу мақсатында шақырдық, өйткені мында жетекші халықаралық компаниялармен тікелей кездесу, көпжақты ынтымақтастық туралы пікір алмасу және нақты бизнес мүмкіндіктерін зерттеу мүмкіндігі бар», – деді Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының өкілі Ақеркін Эралиева.

Саммит қатысушылары Қазақстан географиялық орналасуына баса назар аударды, дәлірек айтсақ тасымалдауларға арналған халықаралық транзиттік жолдарын ұсыну әлеуетіне қызығушылық танытты.  

 Тұтастай алғанда, Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктері және инвестициялық тартымдылығына жоғары баға берілді.

 Анықтама үшін: «Бір белдеу – бір жол» саммиті «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберінде іскерлік ынтымақтастықты ілгерілетуге арналған жетекші халықаралық алаң болып табылады.  

 Жыл сайын the Belt and Road Summit 100-ден астам халықаралық спикер, мемлекеттік басқару және бизнестегі 5000 көшбасшысын, жүздеген инвестициялық жобалардың өкілдерін жинайды және инвесторлармен іскерлік кездесулерге алаң құрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер