«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Депутаттар қаңтарда зардап шеккен ірі бизнеске көмек көрсету мүмкіндігін қолдамады – Айтуар Қошмамбетов

2022 жылғы 15 Маусым
- Алматы қаласы
4986 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Парламент Мәжілісі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «ҚР кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына түзетулерді енгізуді екінші оқылымда алып тастауы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындамау деп санайды.

 Президент бұл тапсырманы қаңтарда өткен ірі бизнеспен кездесуде айтты. ҰКП есептеуі бойынша қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде бизнеске келтірілген жалпы залал 100 млрд теңгеге жуық соманы құрады.

 «Зардап шеккен 65 ірі кәсіпорынның 53-і Алматыда орналасқан. Қаңтар оқиғасында зардап шеккен ірі бизнес әлі өтемақы алған жоқ. Осы заң жобасы шеңберінде корпоративті табыс салығын есепке алу арқылы бизнес шығынын ішінара өтеу мүмкіндігі қарастырылған болатын. Біз бұл жұмысты бес айдан астам уақыт бойы экономика және қаржы министрліктерімен бірлесіп, жүргіздік. Өкінішке қарай, екінші оқылымда бұл түзету негізсіз, аяқталмаған мәселе ретінде алынып тасталды. Біз бұл түзетуді қабылдамау – Мемлекет басшысының тапсырмасын орындамау деп санаймыз», – деп мәлімдеді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.

 Еске салсақ,  бұл түзету дивидендтерді салық салудан босату бойынша жеңілдіктерді алып тастайтын шұғыл заң жобасы аясында ұсынылды.

Еске салсақ, 8 маусымда Парламент Мәжілісі отырысында екінші оқылымда, шұғыл заң жобасы аясында Салық кодексіне түзетулер қабылданды. Бұл түзетулер шағын және орта бизнес субъектілері үшін дивидендтерді салық салудан босату түріндегі жеңілдіктерді алып тастауды көздейді. Осылайша, 2023 жылдан бастап резидент еместер мен жеке тұлғаларға төленетін дивидендтер (егер дивидендтер сомасы 30 000 АЕК-тен асатын болса) бойынша жеңілдіктер алынып тасталады.

Ұлттық палата мамандары Салық кодексіне енгізілген түзетулерге қатысты пікір білдіріп, түзетулер қабылдануы отандық шағын және орта бизенске теріс әсер етуі мүмкін  екенін және енгізуге неғұрлым жүйелі қарау қажеттігін атап өтті.

 Алматы кәсіпкерлері дивидендтерге салық салу бойынша қолданыстағы жеңілдіктердің күшін жою негізсіз екенін және инвестициялардың кетуіне әкеледі деп санайды. Бизнес өкілдері ҚР Парламенті Сенаты осы түзетулерге қатысты көптеген қарсылықтарға назар аударып, дивидендтер бойынша қолданыстағы жеңілдіктердің күшін жоюға жол бермейді деп үміттенеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер