«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркі әлемі елдерінің экономикалық интеграциясы - болашақ технологияларының дамуына серпін

2024 жылғы 02 Шілде
- Алматы қаласы
5614 просмотров

Дереккөз: newscentralasia.net

Халықаралық ынтымақтастықтың  басым салалары «жасыл энергетиканы» ІТ секторды, туризмді және АӨК-ні бірлесіп дамыту болып табылады. Дәл осы бағыттарға Ыстықкөл жағасында өткен іскерлік және инвестициялық форумның  қатысушылары ерекше назар аударды. Айта кеткен жөн, ол 6 елдің 200-ден астам өкілін жинады. Қазақстандық делегациясының құрамында Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП директоры Нұрсұлтан Шоқанов қатысты.

Қатысушылар мен бақылаушылардың пікірінше, форум Түркі әлемі елдері үшін маңызы ерекше оқиға болып табылады. Сауда-экономикалық қатынастарды жақсартуға, инвестициялар тартуға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған стратегияларды талқылауға және әзірлеуге арналған бірегей платформаны ұсына отырып, форум қатысушы елдердің экономикалық байланыстарын нығайтуға ықпал етеді.

«Сіздерді қазақстандық компаниялардың түркі мемлекеттері Ұйымының елдерімен ынтымақтастығымызды одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге мүдделі екендігіне сендіруге рқұсат етіңіздер. Бұл алаң - біздің елдеріміздің бизнес-қауымдастықтарын біріктіру мақсатында ынтымақтастық (әріптестік форматында) үшін тамаша алаң. Түркі мемлекеттерінің ұйымы жақсы халықаралық беделге ие болды және түркі сауда-өнеркәсіп палаталарының одағын құру біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бизнесті дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Түркі палаталары одағының елдері Қазақстанның маңызды экономикалық әріптестері болып табылады. Қазақстан шетелдік және отандық инвесторлар үшін жақсы жағдай жасауға ұмтылады. Оның ішінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы  Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған экономикалық реформалар процесіне белсенді қатысады және біздің экономикамызға шетелдік инвестициялар үшін «Ашық есік» саясатын ұстанады, кәсіпкерлер деңгейінде іскерлік ахуал мен сенімді нығайтуға ұмтылады. Біз Қазақстан Республикасының Үкіметімен тұрақты және болжамды салық режимін қамтамасыз ету, сот жүйесін жетілдіру және әділ кәсіпкерлік ортаны құру бойынша белсенді ынтымақтасамыз», - деп атап өтті өз сөзінде Нұрсұлтан Шоқанов.

Форум бағдаламасы   жасыл энергетиканы, IT-индустрияны дамыту және банк секторын трансформациялау сияқты бағыттарды талқылауды қамтыды. Талқылап қана қоймай, тиімді стратегиялар жасауға ықпалын тигізді. Қатысушылардың пікірінше, өзара тиімді ынтымақтастық пен экономикалық өсу үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, орнықты даму жолындағы маңызды қадам болмақ.

«Сонымен қатар, бүгінгі іс – шарада креативті индустриялармен, туризммен, таза өндірістермен, қайта өңдеу өнеркәсібімен қатар республикамыздың ірі бизнес орталығы - Алматы қаласы деңгейінде басымдықтар болып табылатын IT сектор кәсіпорындарының кездесулері өтеді. Құрметті форумға қатысушылар, түркі сауда-өнеркәсіп палаталары Одағы қызметінің маңызды құрамдас бөлігі біздің елдеріміздің бизнесі арасындағы тығыз экономикалық өзара іс-қимылды дамыту болып табылады. Сауда, капитал ағындары мен жұмыс күшіне кедергілерді жоюды жалғастыру қажет», - деп есептейді Нұрсұлтан Шоқанов

Форум аясында «Түркітілдес мемлекеттер елдеріне өнім экспорты», «Қырғызстанның инвестициялық әлеуеті» тақырыптарында презентациялар өткізілді, сондай-ақ B2B форматында кездесулер мен пікірталастар ұйымдастырылды. Яғни, форум өзара іс-қимыл алаңына және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен жобалар үшін әлеуетті серіктестер табуға мүмкіндік берді. Халықаралық кездесу құжаттарға қол қоюмен және болашақ ынтымақтастық жоспарлар құрумен тәмәмдалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер